Алматыда медициналық жабдықтарды өндіру бойынша 3 жоба іске қосылады

Алматыда медициналық жабдықтарды өндіру бойынша 3 жоба іске қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 2024 жылдан жаңа туған нәрестелерге арнап инкубаторлар мен реанимациялық жүйелер шығарыла бастайды

Алматыда экономиканы одан әрі әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылуда. Өңдеу өнеркәсібінің басым бағытында зәкір өндірісі бойынша жобалар іске асырылуда. Осылайша, 2024 жылы Wildberries логистикалық орталығы мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша 3 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. 

Атап айтқанда, операциялық шамдарды, пациенттердің төсегін, балаларға арналған инфрақызыл жылытқыштарды, фототерапияға арналған аппараттарды, аспираторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, реанимациялық жүйе, ультрадыбыстық аппараттар, ЭКГ, цифрлық рентгенография жүйелерін және т.б. өндіретін болады. 

2025 жылы "Changan", "Сһегу" мен "Haval" мультибрендтік автозауыты, Knauf Insulations жылу оқшаулағыш материалдар зауыты, 6 фармацевтика мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша тағы 4 жоба іске қосылады. Ал 2026 жылы "ORBIS MANUFACTURING" жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Осылайша Алматы экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылы 5,6%-ға дейін және 2025 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаяды.