Алматыда Медеу және Алмалы аудандарында бір күнге ыстық су ажыратылады

Алматыда Медеу және Алмалы аудандарында бір күнге ыстық су ажыратылады
Сурет: Tengrinews.kz

Ыстық қаланың кей бөлігінде ыстық су тоқтайды. 

2022 жылы 20 маусымда сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін Медеу және Алмалы ауданы аумағындағы Қазыбек би – Қонаев – Төле би – Панфилов – Бөгенбай батыр – Назарбаев – Қабанбай батыр – Пушкин – Абдуллиндер көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қайта құру кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша келтірілетін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.