Алматыда көлікті агрессивті жүргізетіндер ұсталды - Полиция

Алматыда көлікті  агрессивті жүргізетіндер ұсталды - Полиция
Cурет: Скрин

Қолайлы ауа-райының басталуымен жылдам және қатты көлік жүргізуді ұнататындар белсенді бола бастады

Қазақстан Республикасының жол жүру Ережелерін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһар аумағында патрульдік полиция Полкінің және мамандандырылған батальонының қызметкерлері ауқымды және жергілікті іс-шараларды жүргізуде.  18-24 мамыр аралығында қала жолдарында 1 мың 195 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ЖЖЕ ұдайы бұзушыларды анықтау бойынша патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілді: қарсы жатқан жолаққа шығып кеткен – 5 жүргізуші, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарған – 10 жүргізуші, МТНБ жоқ көлік құралын басқарған - 42 жүргізуші, әйнегі қараңғыланған көлік құралын басқарған - 118 жүргізуші, жүргізуші куәлігінен айырыла тұра КҚ басқарған - 1 ереже бұзушы, көлік құралын мас күйінде басқарған - 20 және т.б. Тек өткен тәулікте ғана жылдамдықты жақсы көретін 13 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қоса, олар азаматтардың түнгі тыныштығын да бұзады», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.

 Осыған байланысты, шаһар полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырып, «жазаның бұлтартпастығы» қағидасын еске салды.

 «Қолайлы ауа-райының басталуымен жылдам және қатты көлік жүргізуді ұнататындар белсенді бола бастады, бұл, ең кем дегенде, бірқатар Жол жүру Ережелерін бұзумен қатар жүреді, ал максимум, әркезде азаматтардың тыныштығын бұзады және оларға әсіресе түнгі уақытта ыңғайсыз жағдайлар туындатады. Жастар қауіп төндіріп, қала көшелерімен жарыс ұйымдастырады.  Сонымен қатар, олар көліктерін қайта жасап, тыйым салынған жабдықтарды, оның ішінде қатты дыбыс шығаратын резонаторларды, әсіресе түнде орнатады.  Бұл қала тұрғындарының әділетті шағымдарын туғызады.  Осындай деректердің жолын кесу мақсатында полицияның алдыңғы шептегі бөлімшелері апта сайын рейдтер жүргізеді.  Біз жарыс жүргізушілері жиналатын орындарға көптеген жасақтарды жинаймыз және кез келген заңсыз әрекеттерді тоқтатамыз.  Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады.  Бұл шаралар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған», - деді, подполковник Ұзабаев.