Алматыда көлікке самокатпен соғылған бойжеткен көз жұмды

Алматыда көлікке самокатпен  соғылған бойжеткен көз жұмды
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда мопед және электросамокаттардың жол-көлік оқиғаларына түсу фактілері көбейді.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті. Сондай-ақ самокат тізгіндеген 1 адам қаза болды. Оқиға 10 маусым күні Марков көшесінде болған.

«Жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды», - деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда Терренкур аумағында электросамокат қозғалысына тыйым салынғаны туралы жазған болатынбыз.