Алматыда кейбір маршруттардың қозғалысына өзгеріс енгізіледі

Алматыда кейбір маршруттардың қозғалысына өзгеріс енгізіледі
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы апаттық жағдайлардың алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 9 қаңтардан бастап №59, №113 "Алматыэлектротранс" ЖШС маршруттарының сызбалары өзгертілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Енді олар Құлжа трактімен ШААЖ-қа қарай жүріп бара жатқанда Рысқұлов даңғылына шықпай, көпірдің үстімен жүріп өтетін болады.

Сонымен қатар 10 қаңтардан бастап  № 53 маршруттың соңғы аялдамасы өзгертіледі.

Енді ол Кемертоған ауылына  дейін жүріп, Мектеп аялдамасынан бұрылады да, кері қарай сызбасы бойынша қозғалады. Маршрутта 8 автобустың орнына 11 жаңа  жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.