Құрбандықты онлайн да шалуға болады

Құрбандықты онлайн да  шалуға болады
mail.kz

Онлайн құрбандық шалатындар үшін арнайы сайт жұмыс істеп тұр

Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін сайт іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы qurban2022.kz сайты іске қосылғанын мәлім етті. Айта кетейік, онлайн құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң, оның фото- және бейнеесебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.