Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары  қызметінен босатылды
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов қызметінен босатылды.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бұл қызмет мен үшін жаңалық емес, ал аймақ – ерекше, әсіресе үйім, алаңсыз балалық шағым және мектеп осы жермен байланыстырады. Ведомство басшылығының бұл сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда, әділеттілікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, бұл – кәсіби өсіп-өнуінің жаңа кезеңі екенін атап өтті.