Еліміздің төрт облысында республикалық жолдар ашылды

Еліміздің төрт облысында республикалық жолдар ашылды
Сурет: Ашық дереккөзі

5 қаңтарда Қазақстанның 25 республикалық трассасы әлі жабық тұрған. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының реттелуіне байланысты бірнеше өңірде жол ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Павлодар және Қостанай облыстарында да республикалық маңыздағы барлық күре жолдар ашық.

Қарағанды облысының республикалық маңызы бар жолдары барлық бағытта ашық. Қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Жолшылар күре жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, кеше, 5 қаңтарда Қазақстанның 25 республикалық трассасы әлі жабық тұрғанын хабарлаған едік.