Qazaq Air Ресейге қатынайтын рейстерді қайта қалпына келтірді

Qazaq Air Ресейге қатынайтын рейстерді қайта қалпына келтірді
Cурет: pixabay.com

12 наурызда Новосибирскіге қатынайтын рейс тоқтатылған болатын

Компанияның баспасөз қызметі Ресейге жоспарланған барлық рейстер 2022 жылдың 13 наурызынан бастап қайта қалпына келтірілетінін, билеттерді брондау қолжетімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылы 12 наурызда Новосибирскіге қатынайтын рейстің тоқтатылуына байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Qazaq Air әуекомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды сақтайды»,-делінген Qazaq Air әуекомпаниясы таратқан мәліметте.

Бір күн бұрын QAZAQ AIR сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігіне қатысты сақтандыру төлемін ұсынбайтыны туралы хабарлама алды. Осыған байланысты авиакомпания 12 наурызда Новосибирскіге қатынайтын рейс тоқтатылғанын хабарлаған. 

Билеттердің ақысын қайтарып алу үшін жолаушыларға сатып алу орнына хабарласуға кеңес берілді.