Алматыда қаңтар айында 21 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырды

Алматыда қаңтар айында 21 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырған. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлімдеді.

Алматыда 21 мыңнан астам адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 67,2% – ы қазақ тілінде, 32,7% - ы орыс тілінде, 11 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ-да шекті балды 81% жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 71 балды құрады, бұл республика бойынша нәтижеден 2 балға жоғары. Ең жоғары балл – 134. 

«2024 жылғы қаңтар ҰБТ-сының қорытындысы бойынша талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 78%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлер  тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Салыстырмалылық теориясының элементтері» тақырыбы қиын болды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері бойынша біз тек сандар емес, сонымен қатар тақырыптар бойынша егжей-тегжей талдауды да қолжетімді», - деп хабарлады Н.Дидарбекова.

 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 41 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

ҰБТ өткізу барысында 27 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 19 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 8 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

 Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 Спикер 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізілетінін нақтылап айтты. 

«Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады», - деп ескертті Н. Дидарбекова.

Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін  қатысты.