Алматыда екінші Sxodim Fest фестивалі өтеді

Алматыда екінші Sxodim Fest фестивалі өтеді
almaty-akshamy.kz

24 маусым күні Первомайский тоғандарында «Давай сходим!» медиахолдингінің екінші жазғы фестивалі, әрі Алматыдағы қала сыртында өтетін ауқымды open-air фестиваль  - Sxodim Fest өтеді.

 Sxodim Fest – демалып, достармен көңіл көтеруге арналған үлкен аумақ, онда бәрі қарастырылған: дәмді тағамдар, серіктестер ұсынатын сайыстар саябағы, бассейн мен шезлонгтары бар бөлек VIP-аумақ, тапаншалармен су шашып, шайқасу аумағы, катамарандар мен сап бордтар, кәсіпқой спортшылардан вейк-шоу,  фотодүңгіршектер мен  сурет салуға арналған интерактивті арт-аумақ болады.

Sxodim Fest әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударады – фестивальда тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптап, жоюға үйренуге және қазақстандық қайырымдылық қорларына көмектесуге болады.

Одан бөлек,  Sxodim Fest шарасында үздік қазақстандық және шетелдік музыканттар жанды дауыста өнер көрсетеді, олардың арасында Ирина Кайратовна, Quest Pistols, RaiM, dudeontheguitar, ARShAT, Tanir & Tyomcha, Крайм Волшебник және басқалары бар.

Sxodim Fest бас серіктес - Tele2 Kazakhstan-ның қолдауымен Қазақстанда 5G жылдамдығымен өтетін алғашқы фестиваль болмақ. Интернет Sxodim Fest өтетін аумақта толықтай қолжетімді болады. Ол барлық Tele2 абоненттері үшін тегін, әрі шектеусіз болады. Сонымен қатар, абоненттер үшін билет алу кезінде және фуд-аумақтағы кейбір  мейрамханаларда -15% жеңілдік жасалады. Егер фестиваль билеттерін және Sxodim Fest-тен керемет мерч ұтып алғыңыз келсе, фестивальдің бас ақпараттық серіктесі - TikTok ұйымдастырған #сходимнафест челленджіне қатысыңыз.(Тиктокпен бірлесе ұйымдастырылған челлендж жайында толық ақпарат осында

Билеттер fest.sxodim.com сайтында.