Алматыда базар өртенді

Алматыда базар өртенді
Сурет: ТЖМ

Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:15-те оқшауланып, 06:18 кезінде сөндірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. 

Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.