Алматыда базар маңында жол қозғалысын бақылау күшейтілді

Алматыда базар маңында жол қозғалысын бақылау күшейтілді
Сурет: Polisia.kz

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Патрульдік полицияға бірқатар негізгі басымдықты және ұзақ мерзімді міндеттер жүктелді. Осы бағыттардың бірі – қалада жол апатын болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсаттп көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау және жолын кесу шараларын тұрақты түрде жүзеге асыру. Жол-көлік оқиғасы деңгейіне тікелей әсер ететін іс-әрекеттегі векторлық бағыттарды таңдау қала жолдарындағы жағдайды дәлірек бақылауға мүмкіндік береді», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Баяндамашының айтуынша, патрульдік полиция инспекторлары, жаяу жүргіншілерге басымдық бермей, жаяу жүргіншілердің өткелдерінен өту ережелерін бұзатын және тұрақ пен тоқтау ережелерін бұзған көлік жүргізушілеріне, сондай-ақ белгіленбеген жерлерден жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге баса назар аударады. Айта кетейік, патрульдік полиция қызметкерлері кезекті рейдті қалалық көтерме базар маңында жүргізді. Іс-шараның алғашқы сағаттарында 30-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

«Біз жол қозғалысына қатысушыларды, соның ішінде жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілердің ыңғайлы және қауіпсіз жүруі үшін жасалған барлық жағдайды есте сақтау қажет. Әр адам, ЖҚЕ елемеу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін есте ұстауы керек», – деді С.Шумаев.