Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталады

Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталады
Сурет: Ult.kz

22 маусымда Республика Сарайының алдында  Абай атындағы алаңда «Алтын белгі» төсбелгісімен 5- сыныптан 11- сыныпқа дейін үздік оқыған оқу үздіктері марапатталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ағымдағы жылы Алматы қаласы мектептерінің 474 түлегі жоғары марапат – «Алтын белгі» белгісіне ие болу құқығын растады, оның ішінде 423 қалалық мектеп түлегі және 51 республикалық мектеп түлегі (НЗМ, РФММ, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты). 

Марапаттау рәсіміне білім саласының  ардагерлері қатысады. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздары лайықты марапатқа ие болады.

Қала оқушылары 2023 жылы Халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль жеңіп алғанын атап өту маңызды. 

Салтанатты рәсім барысында түлектер шеруі, түлектер вальсі, мерекелік отшашу жоспарланған. Түлектер алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова қатысады.