Алматыда алғаш рет Medeu Weekend арт-фестивалі өтті

Алматыда алғаш рет Medeu Weekend арт-фестивалі өтті
Сурет: Almaty.tv

Думанды кеште қала күніне орай ұйымдастырылды

Бүгін Алматыда алғаш рет Medeu Weekend арт-фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналып отыр.  Думанды кеште келушілер назарына түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұсынылды. Одан бөлек, жәрмеңкелер мен ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылды.

«Эко-фестивальдің басты ерекшелігі – теңіз деңгейінен жоғары, Медеу мұзайдынында орналасқан. Өзіңіз көріп тұрған графити - горизонталді графити. Орта Азиядағы ең үлкен графити», – деді Medeu Weekend арт-фестивалінің ұйымдастырушысы Әлібек Есмұханов.