Алматыда АҚШ доллары 472,68 теңгеге сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 472,68 теңгеге сатылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Қор нарығында доллар бағамы өсті.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,09 теңгеге көтеріліп, 468,24 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 16-19 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 468,56 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,62 теңгеден сатып алынып, 470,77 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,40 теңге, сату – 472,68 теңге.