Алматыда африкалықтар не істеп жүр?

Алматыда африкалықтар не істеп жүр?
Сурет: Алматы полициясы

Олар сот шешімімен елден шығарылды. 

"Нелегал" республикалық іс-шарасы барысында Алматыда Африка құрлығының 29 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Осылайша, профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Африка құрлығының 29 азаматы ұсталып, жауапкершілікке тартылды, олардың 9-ы сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды, тағы үшеуі жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Аталған шетелдіктердің Қазақстаннан дер кезінде кетпей, заңсыз тұрып жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта қабылдаушы адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.