Алматыда 65 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер секциялар мен үйірмелерге тегін  қатысады

Алматыда 65 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер секциялар мен үйірмелерге тегін  қатысады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда балалардың жергілікті бюджет есебінен төленетін 2500-ден астам секциялар мен үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бар.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Биыл  Алматы қаласында мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 16,2 млрд.теңге бөлінді.
 
Орталықсыздандыру шеңберінде 2023 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және қаржыландыру функциялары аудан әкімдіктерінің құзыретіне берілді.
 
Мемлекеттік орган жұмысының құрылымына енгізілетін өзгерістер балалардың қала аудандары бойынша қажеттіліктеріне нақты талдау жасауға, қала аудандарының инфрақұрылымын дамытуды айқындауға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға ықпал етеді.