Алматыда 55 жедел медициналық жәрдем көлігінің кілттері тапсырылды

Алматыда 55 жедел медициналық жәрдем көлігінің кілттері тапсырылды
Сурет: Gov.kz

Санитариялық автокөлікті одан әрі жаңарту мақсатында биыл тағы 48 жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алу жоспарлануда.

Халыққа шұғыл және жедел көмек көрсетуге арналған санитариялық автокөлік жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынды, В класына сәйкес келеді және әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдықтарымен: реанимациялық жабдықтармен, дефибрилляторлармен, электрокардиографтармен, ӨЖЖ аппараттарымен және басқа да қажетті жабдықтармен жарақтандырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы бойынша шұғыл медициналық көмекті, олар пациентке уақтылы жетуді ескере отырып, аумақтық орналасқан жедел медициналық жәрдем қызметінің 12 қосалқы станциясы көрсетеді.

Қала әкімдігінде сатып алынған жаңа машиналар медициналық көмек көрсету сапасын және оның жеделдігін жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Алматыда тәулік сайын желіде 186 ЖМК бригадасы жұмыс істейді және 3000-ға жуық қоңырауға қызмет көрсетеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем бригадалары 1 млн-нан астам шақыруды орындады. Қоңыраулардың 93%-ы 1-3-ші санат бойынша уақтылы жетумен қамтамасыз етіледі.

Мәселен, 2023 жылы әкімдік жергілікті бюджеттен қаражат бөлді, бұл цифрландыру бойынша жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, симуляциялық орталықтың жабдықтары мен муляждарын сатып алуға,  қызметкерлерді нысанды киімдермен  қамтамасыз етуге, медициналық жабдықтарды (қашықтықтан ЭКГ, оттегі ингаляторлары) сатып алуға, қаржы лизингі бағдарламасы бойынша сатып алынған санитариялық автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

2024 жылға 4 қосалқы станция салуға және 3 қосалқы станцияны күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

Жалпы, жедел жәрдем қызметін дамытудың 2028 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес халықтың тығыздығы мен қаланың дамуын ескере отырып, 12 жаңа қосалқы станция салу жоспарлануда.