Алматыда 4 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті

Алматыда 4 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті
Сурет: Elorda.info

Қайғылы оқиға Алатау ауданына қарасты «Қарасу» шағынауданында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Бүлдіршіннің өмірін қиған лай суға толы шұңқыр бір ай бұрын қазылған.

«Қарасу» шағынауданындағы кәріз жүйесін орталықтандыру үшін осы жерде арнайы станция құрылысы басталыпты. Жерасты суы кедергі келтірген соң жұмысты уақытша тоқтатып қойған.

"Бұл жағдай Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, заңмен көзделген процессуалдық әрекеттер бар. Қайғылы оқиғаның мән-жайы толық анықталады. Міндетті түрде заң аясында жауапты адамдарға шара қолданылады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.