Алматыда 3 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылады

Алматыда 3 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылады
Сурет: Tengrinews.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін қалада істен шыққан бейнебақылау камералары қалпына келтірілді

Алматыда қаңтардағы оқиғадан кейін бұзылып, көшедегі істен шыққан 587 бейнебақылау камерасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2022 жылдың маусым айына дейін шаһарда қосымша 3050 бейнебақылау камерасы қосылатынан айтты, ал қаланың шалғай аудандарындағы адамдар көп жиналатын орындарда "Сергектің" тағы 200 кешені орнатылған (бұл шамамен 800 камера).

Ерболат Досаевтың айтуынша, көшелердің және аулалардың жарықтандырылу мәселесіне ерекше көңіл бөлінетін болады. Биыл жарықтандырумен толығымен қамтылмаған 1066 көше мен 486 ауланың аумағындағы сыртқы жарықтандырудың құрылыс жұмыстары аяқталады.