Алматыда 28 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

Алматыда 28 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 1218 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Pfizer қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«26 желтоқсан күні 1218 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 желтоқсан аралығында қалада 1 045 283 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін,1006 850 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 158 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 28 173 адам салдырды. Оның ішінде 1 540 жүкті әйел, 5 612 бала емізетін ана және 21 021 жасөспірім бар. 55 192 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.