Алматыда 2024 жылы 12 сумен қамту нысанының құрылысы аяқталады

Алматыда 2024 жылы 12 сумен қамту нысанының құрылысы аяқталады
almaty-akshamy.kz

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттардың қарауына 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Халық қалаулыларының алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024 жылы жалпы ұзындығы 170 км-ден асатын 12 сумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланғанын айтты.

«Оған 3,5 млрд. теңге бөлінеді. Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны қамтылады. Алмалы, Әуезов, Медеу, Жетісу және Түрксіб аудандарында 278,8 км сумен қамту және су бұру желілерін салуға 3,1 млрд. теңге қарастырылған», - деді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, 2024 жылы 1,1 млрд.теңге сомасына 23 сумен жабдықтау нысанына және 4 электрмен жабдықтау нысанына ЖСҚ әзірлеу аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылға арналған Алматы бюджетінің жобасы 1,6 трлн.астам. теңге, бұл ретте, қаражаттың 68,4%-ы әлеуметтік шығыстарға тиесілі.