18 жастағы қазақстандық қақпашы еуропалық клубқа ауысты

18 жастағы қазақстандық қақпашы еуропалық клубқа ауысты
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаев Данияның екінші лигасында өнер көрсететін "Кеге" клубына ауысты.

"Атырау" U21 командасы қақпашысының Еуропаға ауысуы "КБ Хеге" және "Атырау" клубтарының ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл Талыспаев "Кеге" командасының байқауында болып қайтқан.

Алдыңғы маусымда Талыспаев атыраулықтар үшін жастар арасындағы Freedom QJ League жарысында 8 матчке қатысты. Ол 41 сейв жасады, 11 гол жіберіп алды және екі матчте қақпаға мүлде доп өткізбеді.