Алматы әкімі мемлекеттік әнұранды қала тұрғындарымен бірге орындады

Алматы әкімі мемлекеттік әнұранды қала тұрғындарымен бірге орындады

Алматыда патриоттық акциялар мен салтанатты іс-шаралар өтті

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні «Абай» алаңында Республика сарайының алдында мемлекеттік гимнді бір мезгілде орындау бойынша акция өтті.

         Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен бірге мемлекеттік әнұранды орындады. Патриоттық акцияға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар. Бұл күні әнұран қала бойынша орындалды: саябақтарда, скверлерде, мектептерде, СОО және т.б.

          Бұл күні қала тұрғындары көп пәтерлі тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, мәдениет және спорт нысандарының балкондарына мемлекеттік тулар ілінді.

          Қала бойынша патриоттық акциялар мен салтанатты іс-шаралар өтті. Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылады.

          Қазақстанның мемлекеттік рәміздері 30 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді.