Алматыда 200 адамға арналған үйлену тойы тоқтатылды

Алматыда 200 адамға арналған үйлену тойы тоқтатылды
Сурет: Nikopol.net.ua

Мекеме иесін карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жиналды.

Алматы қаласының мониторинг тобы 1 шілде күні сағат 19.00-де Baq Saray мейрамханасында өтетін үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Еске салсақ, белгіленген карантиндік шектеулерге байланысты тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу тыйым салынған. 

Монитринг тобы шектеу шараларының бұзылуын видеоға түсірген. Онда 200-ге жуық қонақ жиналғанын анықталды.

Мекеме иесін карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жиналды.

Қонақтардан кешті тоқтатуды сұралды және оларға коронавирустың ерекше қауіпті «дельта» штаммының айналымы туралы ескертілді. Осындай салтанатты шаралар жұқтырғандар санының көбеюіне әкелуде.

Сондай-ақ, келесі күні тексерушілер тағы да бір шараны анықтады. Реставратордың жүйелі бұзушылықтары үшін қызметті тоқтата тұруға дейін қатаң жаза күтуі мүмкін. Бұл шешім әкімшілік сотта қаралады.

Қоғамдық денсаулық басқармасы инфекцияның жаңа жағдайларын есептеуде. Мысалы, 1 шілдеде Алматыда коронавирус инфекциясының 353 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 771 адам жатыр, оның 54-і кәмелет жасқа толмағандар.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қалада індеттің таралу қарқыны күн сайын артып келеді. Халық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан және оған қатысудан бас тартқандары жөн.