Алматыда 20 шақырым жылу желілері реконструкцияланады

Алматыда 20 шақырым жылу желілері реконструкцияланады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бұл мегаполистің жылу желілерінің тозуын 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл туралы  2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Жиында қала басшысы инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға баса назар аударды. Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы тозуы 59,2%-ды құрады, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар жоспарланған 0,6%-дың  орнына тозуды 1,3% - ға қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, ағымдағы жылдың басында 25 жылдан астам пайдаланудағы тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығынан 802,6 км немесе 57,9% құрайды. 

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 км жылу желілерін реконструкциялау  жоспарлануда, бұл жылу желілерінің тозуын 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.