Алматыда 16 қабатты үйден өрт шықты

Алматыда 16 қабатты үйден өрт  шықты
Сурет: Inform. kz

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен 250-ден астам адам баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге көшірілді, 40 адам 3 тізелік және үш баспалдақ арқылы құтқарылды.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

«5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Әлеуметтік желіде өрттен бас сауғалаған адамдар жоғары қабаттан секіріп жатыр деген ақпарат  тарауда. Алайда,  бұл ақпараттың шындыққа жараспайтынын  айтқымыз  келеді. Құтқарушылар дер  кезінде жетіп,  адамдарды өрттен арашалау жұмыстарына кірісіп  кетті.