Алматыда №142 жаңа бағыт іске қосылады

Алматыда №142 жаңа бағыт іске қосылады
Сурет: Ашық дереккөзі

Алатау ауданы тұрғындарының қала  әкімімен кездесуінде айтылған өтініштері бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, ол «Энергостроитель» бау-бақ серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы - Момышұлы көшесі - Абай даңғылы - Саин көшесі - Шаляпин көшесі - Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін - Оңғарсынова көшесімен «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігіне дейін.