Алматы әуежайы қандай режимде жұмыс істейді

Алматы әуежайы қандай режимде жұмыс істейді
КазТАГ

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы халықаралық әуежайы аумағында қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты жолаушылардан рейске алдын ала келулеріңізді сұраймыз. Бұрын жолаушылар екі сағат бұрын келсе, енді 3,5 сағат ерте келгені дұрыс - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілген болатын. Сонымен қатар, Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдауда. Қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынды.