Алматы "Жібек жолы" сауда үйінде өрт шықты

Алматы "Жібек жолы" сауда үйінде өрт шықты
Сурет видео скрині
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сағат 11:50-де Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесі, 9 а мекенжайындағы "Жібек жолы" сауда үйіндегі өртті сөндірді.

4-қабаттағы әкімшілік ғимаратта кеңсе жиһазына таралып, оргтехника жанып жатқаны анықталды.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 12:13-де ауыздықталып, сағат 12:21-де сөндірілді.