Алматы тауларында ер адамның денесі табылды

Алматы тауларында  ер адамның денесі табылды
inform.kz

Алдын ала дерек бойынша ол – төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.

«Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биыл жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.