Алматы тауларында блокбекеттер қойылды

Алматы тауларында блокбекеттер қойылды
сурет:egemen.kz

23-26 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпостар орнатылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.