Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды
Сурет: Мassaget.kz

Өйткені, көшкін жүру қаупі бар.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматы тауларында блокбекеттер орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды.

Сондай-ақ, блокбекет Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа орнатылған.