Алматы облысында мопед апатқа ұшырап, 6 жасар қыз көз жұмды

Алматы облысында мопед апатқа ұшырап, 6 жасар қыз көз жұмды
Сурет: Inbusiness.kz

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысында мопедке мінген әкелі-балалы жол апатына ұшырап, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қайғылы оқиға 2 шілдеде Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында сағат 21:00 шамасында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1981 жылғы ер адам ауыл көшелерінің бірінде мотоцикл жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай ғимараттың қоршауына соғылған.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2017 жылы туған кішкентай қызы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, дегенмен онда қыз бала есін жимастан көз жұмды", делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді.

Барлық қажетті сараптама тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды.