Алматы қаласында су қоймаларында өңдеу жұмыстарының басталды

Алматы қаласында су қоймаларында өңдеу жұмыстарының басталды
Сурет: ашық дереккөз

Қала тұрғындары арасында санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, безгек масаларының дернәсілдерінің санын азайту мақсатында, ағымдағы жылғы 7-ші маусымнан 29 қыркүйекке дейінгі аралықта жалпы анофелогенді ауданы 14,4 га болатын Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан 7 анафелогенді су қоймасында безгек масаларының дернәсілеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, дезинсекциялық өңдеу энтомологиялық көрсеткіш бойынша барлығы алты кезеңде жүргізіледі.

Су қоймаларында безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстарын республикалық қаржы есебінен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының тікелей бақылауымен, ШЖҚ РМК «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы жүргізеді.  Жасақталған дезинфекциялық бригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Дезинсекциялық өңдеу жүргізу үшін «Фаворит» инсектицидті-акаридицтік препараты қолданылды. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады (3-4 класс). Масалармен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады, - дейді хабарламада.