Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алматы халықаралық әуежайында бүгін, 14 наурызда, күн райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатыр.

Бұл ақпарат әуежайдың онлайн тақтасында жарияланды. Алматыдан Шымкентке, Астанаға, Ақтауға, Атырауға, Қарағандыға, Үрімшіге, Бейжіңге, Делиге ұшатын рейстер кешігеді.

Сондай-ақ Астана, Шымкент, Тараз және Үрімжіден келетін рейстер кейінге қалды.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу уақытша мүмкін емес.

Ауа райы жақсарғанша Алматыдан ұшатын рейстер тоқтатылды.

Сондай-ақ, жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамайды. Ұшып келетін рейстер үшін жабық.

Алматы халықаралық әуежайы күн райы жақсара салысымен жұмысын жалғастырады.