Алексей Цой: 188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды

Алексей Цой: 188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Елімізде 188 мың адам Pfizer вакцинасын алды

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінгі күні Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 188 906 адам вакцина алды. Оның ішінде 150 669 жасөспірім мен 38 237 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 19 386 адам вакциналанды. Вакциналау жалғасып жатыр», - деді Үкімет отырысында Алексей Цой.

Жалпы, министрдің дерегінше, QazVac, Спутник V сынды вакциналардың 1-компонентімен елімізде 8,8 млн-нан астам, екінші компонентімен 8,3 млн-нан астам адам егілді.

Сонымен қатар 136 мың адам ревакцинация алды.