Александр алда келеді

Александр алда келеді
Сурет: ҚТФ

Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған қытайлық Цзюнчэн Шанмен сынға түсті.

Тартысты өрбіген бірінші партияны Бублик брейкпен тәмамдады – 6:4.

Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдетіп, есепті 4:0-ге жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен аяқтау қиынға түскен жоқ – 6:1.

Бубликтің үшінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 10-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минор.