Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Sn.kz

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де сақталады. Алдағы үш күнде өңірлерде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ жаууы да мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Әсіресе солтүстік өңірлерде күн суытады. Түнгі уақытта ауа температурасы 5-10 градус болса, күндіз 10-18 градус болады деп күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жоғарылайды.