Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады

Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел соғады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып,  жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында  тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Қазақстанның батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады", деп жазылған хабарламада.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыста түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады.