Алакөлде балықшы жартастан құлап кетті

Алакөлде балықшы жартастан құлап кетті
e-gov.kz

Жетісу облысының құтқарушылары жартастан құлап кеткен балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 13 қазан күні сағат 18.20-да ТЖД құтқарушыларына Алакөл ауданындағы Ыргайты өзенінің жағасында адам жартастан құлап, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД жедел - құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін, ер адам балық аулау кезінде абайсызда биік жағалаудан құлап, әртүрлі арқа жарақаттарын алып, өздігінен қозғала алмағаны анықталды. Оқиға куәгерлері оны жағаға шығарып, 112 нөміріне қоңырау шалды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды зембілмен көтеріп, жартасты, таулы жерлермен жаяу жедел медициналық көмек экипажына жеткізді.

Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шеккен адам Алакөл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Жетісу облысы ТЖД күзгі балық аулау кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

- балық аулауға барғанда ауа-райының болжамын ескеру қажет: желді ауа-райында және қараңғыда су қоймасына бармаңыз, бұл қауіпті;

- жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпей, балық аулаған дұрыс. Су айдынына барар алдында балық аулау орны, сондай-ақ қайтып оралу уақыты туралы туған-туыстарыңызға ескертіңіз;

- бортта құтқару және сигнал беру құралдары болуы қажет;

- қайықтан балық аулау ережелерінің бірі-жүзе білу. Бұл дағды өзіңізді және серіктесіңізді құтқаруға көмектеседі.

Есіңізде болсын! Сақтық шараларын елемеу жазатайым оқиғаларға, кейде қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.