Аида Балаева референдумда дауыс берді

Аида Балаева референдумда дауыс берді
Сурет: Inform.kz

Еліміз бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Референдумға ерте келіп, таңдауын жасаған А. Балаева тілшілерге сұхбат берді.

«Референдумға қатысушылардан белсенділік күтеміз. Үгіт-насихат кезінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әлеуметтік желіден байқасақ, референдумға келіп, өз таңдауын жасайтындар көп. Бүгін сол іс жүзінде дәлелденсе деймін. Референдум учаскелері таң ертесімен жұмысын бастап кетті. Адамдардың келу қарқыны да жақсы», - деді ол.