Аида Балаева: «Өзгерістердің уақыты келді!»

Аида Балаева: «Өзгерістердің уақыты келді!»
bag. kz

Алматыда Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының активімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов қатысты. Жұмыс барысында А.Балаева Ассамблеяның қаңтар оқиғалары күндері жүргізген жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың соңғы сөйлеген сөздерінде қойылған міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары өз сөзінде бүгінде басты назарда «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» деген ортақ идеямен біріктірілген жасампаз күн тәртібінің тұрғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда алда тұрған жұмыстың негізгі басымдықтарын нақты белгілеп берді. Сондай-ақ «қоғамда түйткілді проблемаларды шешу жолдарының айқын көруін» атап өтті. Оның айтуынша, Nur Otan партиясының съезі көкейкесті өзгерістердің уақыты келгенін, елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібінің тұрғанын айқын көрсетті», - деді Аида Балаева.

Осы орайда ол Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне нақты тоқталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» идеясының Ассамблея үшін бағдарламалық сипатқа ие екенін баса айтты.

Кездесу барысында Ассамблеяның алдағы іс-шараларының дайындық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының ҚХА-ның барлық құрылымында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.