Ағаштар жаһандық жылыну қарқынын арттырады екен

Ағаштар жаһандық жылыну қарқынын арттырады екен
Сурет: Islam.kz

Талай жыл бойы ағаш отырғызу жаһандық жылынумен күресудің бір тиімді әдісі ретінде қарастырылып келген еді. Алайда, таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, керісінше, ағаш ауа температурасын көтеретін болып шықты.

Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Белгілі бір аймаққа тән ағаштар жердің жарықты шағылыстыру қабілетінің өзгеруіне және көмірқышқыл газының сіңірілуіне әсер етеді. Мәселен, тундрада қайың мен қарағайдың таралу ықтималдығы жоғары, ал орташа ендіктегі салыстырмалы түрде жылуды жақсы көретін ағаштар өсіп-өнбейді. Тропикте, керісінше, балқарағай мен қайың өспейді.

Моделдеу нәтижесінде орташа есеппен ағаштар отырғызылған аумақтар жылынуды азайтудың орнына жоғарылататынын анықтады. Иә, олар көмірқышқыл газын едәуір мөлшерде сіңіруі мүмкін. Десе де ағаштар әдетте жапырақтарына түсетін күн энергиясының тек 20 пайызын (көбінесе одан да аз) ғана сіңіреді. Керісінше, шөпті өсімдіктер, тундра немесе құм ғарышқа бірнеше ондаған күн энергиясын шағылыстырады. Демек, ағаш отырғызудың климатқа жалпы әсерін қайта есептейтін болсақ, ол орман өскен әрбір шаршы шақырымға орта есеппен қосымша 12 мың тонна СО2-ге тең болып шығады. Яғни, 50% жағдайда ағаштардың «жылыту» әсері 12 мың тоннадан жоғары, ал жартысында - төмен болды. Ең қызығы, моделдеудегі кейбір жағдайларда ағаштар әлі де жылыну қарқынын арттырмайтын болып шықты. Климаты құрғақ аймақтарда бұлт аз болғандықтан, яғни, жерге қалқан болатын шатыр іспетті бұлттың аз болуынан әрбір шаршы метр бір шаршы метрге бірнеше мың киловатт-сағат күн энергиясын алады (шөл және шөлейт өлкелерде бұл көрсеткіш одан да жоғары).

 Ағаштың жер беті үшін жылудың көзі болып табылатын жарықты шағылыстыру қабілетінің 10-20 пайызға азаюының өзі жердің энергетикалық қорын жылына бір шаршы метрге жүздеген киловатт-сағатқа арттырып жібереді. Бір қызығы, мұндай төтенше жағдайлар шын мәнінде кең таралған: шөлді аймақтар өңірлерде, мәселе, Израилде, Негев шөлінің айналасында жарықты сіңіретін қарағайлар отырғызылады, ал Африканың бір кездердегі құрғақ саванналары бұл күнде бұталар мен ағаштарға толып кеткен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осыны ескерген ғалымдар қай өңірге климатына сай ағаш отырғызуды алдын ала арнайы есеп жүргізіп алуды ұсынып отыр.