Аға прокурор ұсталды

Аға прокурор ұсталды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

«Осы жылдың 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз»,-деп жазылған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомстводан ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды»,- делінген хабарламада.