Иманғалиға қиын болды

Иманғалиға қиын болды
Сурет: Facebook/shimanskaya.p
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Еуропадан елге қайта алмай жатқанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Zakon.kz мәліметіне сәйкес, журналист Полина Шиманскаяның айтуынша, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс салдарынан Еуропадан келетін ұшақтар жарты жолда кері қайтарылып жатыр.

«Бұл елдердің үстінен рейс жабылды. Оның жолауышлары арасында мен және жүздеген қазақстандық бар. Франкфурт әуежайында толық хаос басталды. Ұшу жөнінде ештеңе белгісіз, біз ЕО аймағына кіре алмаймыз», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Түсініктеме алу үшін Zakon.kz редакциясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді, олар сол әуе компаниясына хабарласуға кеңес берді.

2023 жылғы 19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы операция» басталғанын жариялады. Армян ақпарат көздері аймақта атыс боп жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында құрылған. Қазір ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан. 

2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қатысушылары Иманғали Тасмағамбетовті ұйымның бас хатшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.