Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз
Сурет: gov.kz

Бұдан бұрын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні екенін хабарлағанбыз.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Балаева атап өткендей, күн сайын жүздеген әйел физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.

«Бұл күн біздің заманымыздың күрделі мәселесі болып келген зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығы мен қажеттілігін еске салады. Ажырасу әйелдерге қуғын-сүргіннен құтылуға үнемі көмектесе бермейді. Олардың көпшілігі үнсіз қалады, ұялады немесе не болып жатқанын айтудан қорқады», - деді Мәдениет министрі.

Министрдің пайымынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тек қорлаудан және құқықтарын бұзудан ғана тұрмайды, гендерлік теңдікке де елеулі кедергі болып келеді.