Әркім өз тарапынан әділетті, ашық қоғам құруға үлесін қосуы тиіс - Ұлан Нүсіпәлі

Әркім өз тарапынан әділетті, ашық қоғам құруға үлесін қосуы тиіс - Ұлан Нүсіпәлі
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Жастарға деген сенім мол

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ұлан Нүсіпәлі сайлауға барып, азаматтық борышын орындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Көктемнің шуақты күнінде, Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде маңызды саяси науқан жүрып жатыр. Таңертеңнен сайлау учаскелеріне халық ағылып жатқанын көріп отырмыз. Мен де өзімнің азаматтық парызымды орындау мақсатында Түрксіб ауданындағы №20 мектептегі №477 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау өте белсенді өтіп жатыр. Демек, бұл – халықтың Жаңа Қазақстан құруға деген құлшынысының көрінісі деп білеміз. Әркім өз тарапынан әділетті, ашық қоғам құруға үлесін қосуы тиіс. Еліміздің болашағы жастардың қолында. «Жас келсе, іске» демекші, мемлекетімізді өркендету үшін аянбайтын жастар билікке келсе екен деп ойлаймын», - деді актер Ұлан Нүсіпәлі.