Серік Есматов, спортшы, паралимпиадашы: Көк байрағымыз тұғырынан түспесін 

Серік Есматов, спортшы, паралимпиадашы: Көк байрағымыз тұғырынан түспесін 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

– Отанымызда болып жатқан сайлау науқанына кім де болса бейжай қарамауы керек. Мен елімнің патриоты ретінде бүгін дауыс беруге келдім. Түрксіб ауданындағы №447 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері барлық сайлаушыларды жадырап қарсы алуда. Тура бір мерекелік шараға қатысқандай күйде бодым. Сайлау – бұл көпшіліктің таңдауы. Елдің мұң-мұқтажын, күрмеуі қиын мәселелерін шешуде болашақ депутаттарымыз бар ынта-жігерімен жұмыс істейді деп үміттенемін. Өйткені олар – халықтың қалаулылары. Барша қазақстандықтарды көктемнің керемет мерекелерімен құттықтаймын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, көк байрағымыз тұғырынан түспесін.